«Химиялық қаруды Сирия үкіметі қолданды». НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Брюссельде өткен баспасөз мәлихатында осылай деп мәлімдеді.
Дегенмен журналистердің «нақты қандай дәлеліңіз бар?» деген сауалына ұйым басшысы тұщымды жауап бермеді. Есесіне, Солтүстік Атлантикалық альянс жетекшісі НАТО-ның Сириядағы әскери операцияға қатыспайтынын жеткізді.
Андерс Фог Расмуссен, НАТО-ның бас хатшысы:
- Сирияда химиялық қаруды ел үкіметі қолданғаны туралы менде нақты ақпарат бар. Сондықтан осы әрекеті үшін Сирия билігі жауап беруі тиіс. НАТО әскери операцияға қатыспайды. Тек ақыл-кеңес беріп, Түркияны қорғауға дайын. Дегенмен ұйымға мүше мемлекеттер бұл оқиғаға қатысты қандай шешім шығарады, әскери интервенцияға қатыса ма жоқ па оны өздері біледі. БірақСирияда әскери операция бола қалған жағдайда, ол қысқа, шектеулі болады. Тіпті НАТО-ның командалық құрылымының көмегі де қажет болмайды.
Дереккөз: kaztrk.kz
3 қыркүйек 2013, 18:15