Атырау, 5 желтоқсан 08:23
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Трамптың ұсынысынан кейін Coca-Cola табиғи қантқа көшпек

411 рет қаралды
Сурет: The New York Times

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Coca-Cola компаниясымен келіссөз жүргізіп, құрамындағы тәттілеуішті өзгертуді ұсынғанын мәлімдеді. Енді АҚШ аумағында өндірілетін Coca-Cola сусыны жүгері шәрбатымен емес, қамыстан алынған табиғи қантпен дайындалатын болады, деп хабарлайды Коммерсантъ.

«Coca-Cola компаниясын басқарып отырған барлық адамдарға алғыс айтқым келеді. Бұл – өте дұрыс шешім. Көреміз, мұндай өзгеріс сусынды жақсартады», – деп жазды Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Coca-Cola компаниясының өкілі The New York Times басылымына берген түсініктемесінде, рецептідегі өзгерістерге қатысты нақты ақпарат жақын арада жарияланатынын, әрі компания Дональд Трамптың өнімге деген қызығушылығын жоғары бағалайтынын айтты.

Айта кетейік, АҚШ-тың денсаулық сақтау министрі Роберт Кеннеди-кіші жүгері шәрбатын семіздік эпидемиясының негізгі себептерінің бірі деп атаған болатын. Coca-Cola бұл шәрбатты 1980 жылдан бері қолданып келеді. Себебі сол жылдары табиғи қанттың бағасы күрт өскен еді.

Айта кетерлігі, компания бұрыннан бері қамыс қантымен дайындалатын арнайы өнім – «мексикалық кола» шығарады. Ол көбіне латиноамерикалықтар көп тұратын аймақтарда сатылады.

17 шілде, 14:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.