
Иракта Багдадтың оңтүстігіндегі Васит провинциясының орталығындағы Кут қаласында гипермаркетте шыққан өрт салдарынан 60-тан астам адам мерт болды. Үкімет үш күндік аза тұту жариялады, деп хабарлайды Евронью́с.
Мемлекеттік INA агенттігінің мәліметінше, соңғы деректер бойынша 63 адам қаза тауып, тағы 40 адам жарақат алған.
Васит провинциясының губернаторы Мохаммед Джамиль аль-Маяхи апаттың себептерін анықтап, кінәлілерді жауапқа тартатынын және ғимарат иелері мен сауда орталығының иелеріне қарсы талап арыз түсіретінін айтты.
Reuters агенттігіне берген мәлімдемесінде қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілі 59 адамның жеке басы расталғанын, алайда бір дененің қатты өртеніп, танылуы қиын болғанын жеткізді. Жергілікті билік әлі де өртенген қираған жерлерден мәйіттерді алып шығу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.
Иракта құрылыстың төмен стандарттары жиі қайғылы өрт оқиғаларына себеп болады. Мысалы, 2021 жылы Насирия қаласындағы ауруханада өрт болып, онда да көптеген адам қаза тапқан. 2023 жылы Ниневия провинциясының Хамдания ауданында той залында шыққан өрт салдарынан 100-ден астам адам мерт болған еді.
В Атырау +4