
Химия ғылымдарының докторы, профессор Раушан Сармұрзина KAZENERGY қауымдастығы төрағасының кеңесшісі қызметіне кірісті. Ол Қауымдастыққа мұнай-химия саласындағы стратегиялық және салалық мәселелер бойынша кеңес береді.
Раушан Ғайсақызы – химия және мұнай-газ өнеркәсібі саласында танымал сарапшы, ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР ҰҒА Құрметті академигі, Президиум мүшесі және Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының мүшесі. Сонымен қатар, ол «Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз өнімдер мен құрылымдар» бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің құрамында.
Оның өнеркәсіп, энергетика және ғылым салаларында көп жылдық тәжірибесі бар. Раушан Сармұрзина Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институтындағы Энергия сақтау зертханасын басқарған. Сонымен қатар ҚР Экономика министрлігі мен Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде, «ҚазМұнайГаз», «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» және KAZENERGY қауымдастығында басшылық лауазымдар атқарған.
Қазіргі уақытта ол Мұнай-газ-химия өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы (Мұнай-газ-химия қауымдастығы) Кеңесінің төрайымы.
Раушан Сармұрзинаның кәсіби жолы Қазақстанның металлургия, химия және мұнай-химия өнеркәсібі бағытындағы стратегиялық бастамалар мен мемлекеттік бағдарламалардың дамуына зор үлес қосқан.
В Атырау +4