Атырау, 6 желтоқсан 16:51
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Биыл өңірде 9 мектеп жөнделіп жатыр

329 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырау облысында білім беру инфрақұрылымын жаңғырту жалғасып жатыр. Өңірде «Реновация» жобасы аясында биыл 9 мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл – 2025-2027 жылдарға жоспарланған үш жылдық жаңғырту бағдарламасының алғашқы кезеңі, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық білім беру басқармасының бас маманы Абылай Ережептің айтуынша, қазіргі таңда 7 мектепте жөндеу жұмыстары басталған. Қалған 2 мектеп бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, конкурс рәсімдері жүргізілуде. – Жөндеу облыстың барлық ауданын қамтып отыр және белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда, – деді ол.

Атырау қаласында Ә.Жангелдин атындағы және №9 Ш.Уәлиханов атындағы мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары жергілікті бюджет есебінен қолға алынған.

Мақат ауданындағы Ораз Сарғұнанов пен Абай Құнанбаев атындағы мектептерде құрылыс жұмыстары «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізілуде.

Сонымен қатар Индер, Жылыой, Махамбет және Құрманғазы аудандарындағы бірқатар мектептерде де құрылыс қарқыны жоғары. Мәселен, Жылыой ауданындағы №19 орта мектептегі жөндеу жұмыстары 95%-ға, Абай Құнанбаев атындағы мектептегі жөндеу 90%-ға орындалған. Қос білім ұясы биылғы тамыз айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

17 шілде, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.