Атырау, 6 желтоқсан 16:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда екінші жаяу жүргіншілер көпірі салынбақ

401 рет қаралды
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» жаяу жүргіншілер көпірі, сурет: 2gis

Қазіргі таңда жобаға қажетті қаражат іздестірілуде.

Атырау қаласында Жайық өзені арқылы өтетін екінші жаяу жүргіншілер көпірін салу жоспарда бар. Бұл туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов брифинг барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа көпір Жастар саябағы (университет маңы) мен «Атырау-Ақпарат» орналасқан аумақты байланыстырады.

Бұған қоса, басқарма «АЖ» редакциясына жұмыс жобасының әзірленіп жатқаны және әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатқаны жөнінде жазбаша түрде хабарлады

Қазіргі таңда Атырау қаласының аумағында сегіз көпір бар, оның бірі – теміржол, тағы бірі – 2001 жылы пайдалануға берілген жаяу жүргіншілер көпірі. Айта кетейік, дәл осы жерде екінші жаяу жүргіншілер көпірін салу идеясы жаңа емес. 2010 жылы осыған ұқсас жоба дайындалып, бірақ сол кездегі әкім Бергей Рысқалиев арнайы комиссияның «қажет емес» деген қорытындысына сүйеніп, оны тоқтатқан болатын.

Лев ГУЗИКОВ

17 шілде, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.