
Атырау қаласында есірткі өсіруге арналған фитозертхана анықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Атырау облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында 52 жастағы қала тұрғыны ұсталды.
Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде сарай ішінен фитозертхана ретінде жабдықталған арнайы орыннан 5 келіге жуық салмақтағы 21 түп қарасора (каннабис) өсімдігі табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігімен (есірткі заттарын заңсыз өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Өзге ақпараттар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-бөлігі 1-тармақшасына және ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен дәлелденбейінше, ол қылмыс жасады деп есептелмейді.
В Атырау 0