Атырау, 6 желтоқсан 16:51
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда келесі жылы 175 шақырым электр желісі жаңартылады

489 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырау қаласында электр желілерін жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 

Соңғы күндері кей аудандарда электр энергиясының уақытша ажыратылуы тіркелгені хабарланды. Бұл туралы облыстың Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдеді.

2025 жылғы 11 және 13 шілде күндері сол жағалаудағы бірнеше ауданға қызмет көрсететін 35/110 кВ кернеулі электр желілерінде жарық өшкен. Мұның себебі – «KEGOC» АҚ-ға тиесілі 220 кВ әуе желісі арқылы Маңғыстау облысына бағытталған электр ағынының шамадан тыс артуы және арнайы автоматты жүктемені ажырату жүйесінің (САОН) іске қосылуымен байланысты.

«Маңғыстауда болған апаттық жағдайды жөндеу жұмыстары аяқталып, бүгін кешке дейін станция толық қалпына келтіріледі деп күтілуде. Сондықтан осындай уақытша ажыратулар болды. Сонымен қатар қалада кей кабель желілері ескіріп, істен шығып жатыр. Ондай кезде апаттық қалпына келтіру жұмыстарын «Атырау Жарық» жүргізуде. Әкімдікпен бірлесіп ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қазір 32 шақырым жер асты кабель желілері жаңартылды», – деді «Атырау Жарық» ЖШС директоры Мейірбек Ғұбашев.

Қала әкімдігінің тапсырмасы бойынша биыл қосымша 66 шақырым электр желісі жаңартылып жатыр. Ал 2025-2026 жылдары тағы 100 шақырымды ауыстыру жоспарланған. Сонымен қатар, «Атырау Жарық» өз балансына тиесілі 75 шақырымға жуық қауіпсіз қаптамамен жабылған электр сымдарын жаңартуды жоспарлап отыр. Биыл 36 қосалқы станция толықтай жаңартылатын болады.

Жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары өз нәтижесін көрсетуде: соңғы бір жыл ішінде апаттық жағдайлар 46 пайызға азайған.

Атырау тұрғындарына ыңғайлы әрі сенімді электрмен қамтамасыз ету бағытындағы бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

16 шілде, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.