Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Ресейде алты әзербайжан азаматын қамау мерзімі ұзартылды

451 рет қаралды

Ресейдің Екатеринбург қаласындағы Верх-Исет аудандық соты қылмыстық топ ісі бойынша өткен айда ұсталған алты әзербайжан азаматының қамау мерзімін 19 қазанға дейін ұзартты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Сонымен қатар, Свердлов облысындағы «Азербайджан-Орал» ұлттық-мәдени бірлестігінің төрағасы Шахин Шихлинскийдің ұлы — Мутвалы Шихлинскийге «билік өкіліне күш қолданды» деген айыппен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Бұлтартпау шарасы бойынша шешімді Ленин аудандық соты бүгін қарамақ.

Айта кетейік, 27 маусымда Екатеринбургте ресейлік арнайы күштер әзербайжан азаматтары тұратын бірнеше тұрғын үйге рейд ұйымдастырған. Сол кезде екі адам қаза тауып, бірнешеуі ауыр жарақат алған. Тергеу комитетінің мәліметінше, алты адам бірнеше кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған. Барлығы — қос азаматтығы бар: Ресей мен Әзербайжан.

Бұл оқиға Ресей мен Әзербайжан арасындағы қатынастардың шиеленісуіне түрткі болды.

16 шілде, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.