Атырау, 6 желтоқсан 16:51
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда ресейлік университетке ҰБТ-сыз ​қабылдау басталды

553 рет қаралды

Атыраудағы UTEBAYEV UNIVERSITY базасында ашылған И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалына қабылдау емтихандары басталды. 

Талапкерлер математика және орыс тілі пәндерінен жазбаша емтихан тапсыруда.

2025–2026 оқу жылына аталған филиал 100 білім грантын бөліп отыр. Қабылдау емтиханына еліміздің батыс өңірлерінен және Астана мен Шымкент қалаларынан келген үміткерлер қатысуда.

– Бұл болашағын мұнай-газ саласымен байланыстырғысы келетін жастар үшін үлкен мүмкіндік. Елімізге өндірістің қыр-сырын терең меңгерген, заманауи технологиялармен жұмыс істей алатын, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті инженерлер қажет. Губкин университетінің филиалы – Қазақстан мен Ресей арасындағы білім және ғылым саласындағы стратегиялық әріптестіктің нақты жемісі. Бұл бастама жастарға сапалы білім алып, кәсіби тұрғыда дамуға, жетекші компанияларда тәжірибе жинауға және табысты мансап құруға жол ашады, – деді UTEBAYEV UNIVERSITY Басқарма төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова.

Қабылдау емтихандарын Губкин университетінің тәжірибелі профессорлық-оқытушылар құрамы жүргізіп жатыр. Комиссия құрамына мұнай-газ саласында мол тәжірибесі бар, ғылыми және педагогикалық жетістіктерімен танылған сарапшылар тартылған. Бұл талапкерлердің білім деңгейін әділ әрі халықаралық стандарттарға сай бағалауға мүмкіндік береді.

16 шілде, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.