Атырау, 5 желтоқсан 08:22
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Карапетянға ақшаны жылыстатты деген жаңа айып тағылды

515 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет

Арменияда тергеушілер ресейлік кәсіпкер Самвел Карапетянға қатысты айыптаулар тізімін толықтырды. Енді оған конституциялық құрылымды құлатуға шақырудан бөлек, ақшаны жылыстату (заңдастыру) бабы да тағылды, деп мәлімдеді Карапетянның адвокаттары. Бұл туралы Коммерсантъ хабарлайды.

Қорғаушылардың айтуынша, жуырда кәсіпкерге бірнеше компанияның қызметі нәтижесінде алынған қаражатты заңсыз ақшалай айналымға енгізді деген айып тағылған. Қорғау тарапы бұл айыптауды негізсіз деп бағалап отыр.

— Соңғы жылдары Арменияда "ақша жылыстату" — ең жиі қолданылатын айыптардың біріне айналды, — делінген Самвел Карапетян командасының News.am келтірген мәлімдемесінде. — Бұл айып көбіне саяси қуғын-сүргін құралы ретінде жүйелі түрде қолданылып жүр.

Самвел Карапетян 18 маусымнан бері қамауда отыр — ол Армян Апостол шіркеуі мен Армения үкіметі арасындағы жанжалға "өзінше араласатынын" мәлімдегеннен кейін ұсталған. Осы аптада кәсіпкер жаңа саяси партия құратынын жариялаған еді.

16 шілде, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.