
Қырғызстан астанасының вице-мэрі Жамалбек Ырсалиев ұсталды, деп хабарлайды ТАСС құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.
Агенттік тілшісінің айтуынша, Ырсалиев мырза жемқорлыққа күдікті ретінде ұсталған. Қылмыстық іске қатысты толық мәлімет әзірге жарияланған жоқ.
Жамалбек Ырсалиев Бішкек қаласы әкімінің орынбасары қызметін 2024 жылдың 13 мамырынан бастап атқарып келеді. Ол көлік, жол инфрақұрылымы және цифрландыру салаларына жауап береді. Сонымен қатар, Бішкектің Ленин ауданын қадағалайды, — деп жазылған қалалық әкімдіктің сайтында.
В Атырау +4