Атырау, 5 желтоқсан 08:00
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда ауадағы күкіртсутек нормадан 20 есе асып кетті

567 рет қаралды

16 шілде күні таңертең Атырау қаласында ауадағы күкіртсутек (H₂S) мөлшері рұқсат етілген шектен қайта асқаны тіркелді. Ауа сапасын бақылау жүйесі тұрғындардың алаңдаушылығын растады – қаланың бірнеше ауданында көрсеткіштер санитарлық нормадан едәуір жоғары болған.

Мәліметтерге сәйкес, күкіртсутектің көтерілуі 15 шілдеден 16 шілдеге қараған түнде басталып, таңғы сағат 07:00-де шегіне жеткен.

Загородный көшесінде күкіртсутек (H₂S) деңгейі 161 мкг/м³ болған, бұл рұқсат етілген мөлшерден 20 есе жоғары. Ауа сапасын бақылайтын қосымша бұл көрсеткішті автоматты түрде "өте жоғары" деп белгіледі.

Шектен асу басқа аудандарда да тіркелген:

  • «Восток» ауданында сағат 10:00-де күкіртсутек мөлшері 22.6 мкг/м³ болды — бұл шекті мөлшерден 2,8 есе артық.

  • Жилгородокта дәл сол уақытта көрсеткіш 19.8 мкг/м³-ке жетіп, 2,5 есе жоғары болған.

Қала тұрғындары жағымсыз иіске де шағымданды, әсіресе Азаттық даңғылы бойында, №2 қалалық емхана маңында иіс қатты сезілген. Куәгерлердің айтуынша, иіс тіпті ғимараттың ішіне дейін жеткен.

"Таңертең жағымсыз иіс болды. Мен сол кезде емханада едім, әуелі бұл кәріз жүйесінің иісі шығар деп ойладым, — дейді қала тұрғыны Аслан.

Бұдан бұрын СЭС мамандары түсіндіргендей, күкіртсутек — улы газ, тіпті аз уақыт әсер етсе де қауіпті. Ұзақ уақыт болса, әсері күшейеді, әсіресе балаларға, жүкті әйелдерге, қарт адамдарға және тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдарға зиянды.

Жаңалық жарияланған кезде, ресми органдар ластанудың себебі туралы түсініктеме бермеді және қандай шаралар алынатынын хабарламады.

Айнұр САПАРОВА

«Аir.kz» қосымшасынан скриншоттар

16 шілде, 13:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.