Атырау, 6 желтоқсан 16:46
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Абайдың домбырасы Атырау музейінде

323 рет қаралды

2020 жылы ұлы ойшыл, қазақтың дара ақыны Абайдың кіндік қаны тамған қасиетті топырақ — «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейімен келісім жасалып, ақынның жеке тұтынған үш шекті тұмар домбырасы мен тоғызқұмалақ тақташасының көшірмесі Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қорына қабылданды, деп хабарлайды облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі. 

Үш шекті домбыра — Қазақстанның шығыс өңіріне тән, ерекше үнімен, қоңыр сазымен жүректі тербейтін аспап. 

Бұл домбыраны кезінде Абайдың өзі, ұлы Ақылбай және кейін немересі Исрайл қолданғаны деректермен дәлелденген. Шежірелі аспап ел ішінде талай өнер додаларында жарқырап, рухани мұраның куәсі болды.

Ал тоғызқұмалақ — Абай үшін жай ойын емес, зерде мен төзімнің бәйгесі еді. Ақын өз шәкірттерімен бұл ойынды екі-үш күнге дейін ұйықтамай ойнап, жеңбей қоймайтын болған екен.

Бүгінгі ұрпақ үшін бұл жәдігерлер — Абай рухына тағзым, асыл мұраны ардақтау жолындағы асқан жауапкершілік.

16 шілде, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.