
Редакцияға оқырмандардан Жайық өзеніне ау құрылғаны туралы бейнежазба келіп түсті. Видеодағы көрініс бойынша, ау «Атырау-Ақпарат» маңындағы өзенге тасталған.
Куәгерлердің айтуынша, тордың бірі су астындағы бұтаққа байланып тұрған.
«Қаланың ортасында мұндайды кім жасап жүр? Қайда хабарласуға болады?» - деп алаңдаушылық білдірді тұрғындар.
Аталған бейнематериал Атырау облыстық балық шаруашылығы инспекциясына жолданды. Бүгін, 16 шілде күні инспекция мамандары көрсетілген аумақта тексеру жүргізді.
- Жайық өзенінде жүргізілген тексеру барысында ау құрылған құралдар табылған жоқ. Көктемгі су тасқыны кезінде су астында бұтақтар мен ескі ау қалдықтары тұрып қалған. Қазір су деңгейі төмендегендіктен, олар көзге көрініп жатыр. Ескі тор алынғанымен, су астындағы ағашты алып шығуға моторлы қайықтың күші жетпейді. Қазіргі таңда ау қалдықтарын тазарту және балық қорғау жұмыстары жалғасуда, - деді инспекция өкілдері.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау 0