Атырау, 5 желтоқсан 08:40
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

ТШО-да жұмыс істейтін қазақстандық мамандардың үлесі 95%-ға жетті

394 рет қаралды
Сурет: ҚМГ баспасөз қызметі

Бүгінде «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО, 20% үлесі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға тиесілі) персоналының 95% — қазақстандық мамандар, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі. 

1993 жылы бұл көрсеткіш небәрі 50% болды. Бұл жергілікті кадрлар үлесін ұлғайту бағытында атқарпылған жүйелді жұмыстың нәтижесі. Осы нәтиже жергілікті қызметкерлердің кәсіби деңгейі айтарлықтай өскенін көрсетеді.

1999 жылдан бастап кәсіби шеберлігі мен біліктілігін дамытып, білім алып, тәжірибен өткен 480-ден астам маман халықаралық немесе ішкі деңгейдегі қызметтерге тағайындалды. Бұдан басқа 2007 жылдан бері ТШО-ның 470-тен астам қазақстандық басшылық және техникалық лауазымдардағы шетелдік мамандардың орнын алмастырды.

Қазақстандықтардың кәсіби дамуына, озық стандарттар мен технологияларды меңгере отырып, басқарушылық және көшбасшылық дағдыларын жетілдіруге басымдылық берілуде. Мамандар үшін елде және шетелде еңбек тәжірибесінен өту мүмкіндігі қарастырылған деп атап өтті ТШО мамандары. 

16 шілде, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.