Атырау, 25 желтоқсан 01:50
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қырғыз оппозиционерлерін тергеуге шақырды

1 517 рет қаралды
Аликбек Жекшенқұлов, Аликбек Жекшенқұлов, "Ақиқат" партиясының жетекшісі. Қырғызстан Қырғызстанда оппозицияның бірнеше жетекшісі ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетке (ҰҚМК) тергеуге шақырылды. Тергеуге шақыруға мемлекеттік телеарнадан дүйсенбіде оппозицияның іс-әрекетіне қатысты даулы видеоның көрсетілуі себеп болған.  

Видеода жас белсенді Ерланбек Өмірәлиев "оппозициялық саясаткерлер Аликбек Жекшенқұлов, Құбанычбек Қадыров, Садыр Жапаров және Талант Мамытов Нарын өзенін улап, сол арқылы Бішкек-Нарын тас жолын жабуға астыртын сөз байласқанын" айтады. Өмірәлиевтің сөзіне қарағанда, оппозициялық саясаткерлер үкіметке қарсы жаппай қарсылықтар тудыру үшін тыйым салынған исламшыл "Хизбут-Тахрир" қозғалысының белсенділерін іске тартпақ болған.

Оппозициялық "Ақиқат" партиясының жетекшісі Аликбек Жекшенқұлов Азаттықтың Қырғыз қызметіне видеода аттары аталған оппозиция жетекшілері сейсенбіде ҰҚМК-ге шақырылғанын растады.
 
Дереккөз: azattyq.org
3 қыркүйек 2013, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.