Атырау, 6 желтоқсан 16:51
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырау облысында жаңа спорт нысаны салынып жатыр

537 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Индер ауданына қарасты Бөдене ауылында 160 адамға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Бұл нысан ауыл тұрғындарына бұқаралық спортпен айналысуға қолайлы жағдай жасау мақсатында салынуда.

Жобаны жүзеге асырып жатқан мердігер — «ARSM» ЖШС. Құрылысқа қажетті барлық рұқсат құжаттары рәсімделіп, қазіргі таңда іргетас тіректерін орнатуға бағытталған жер қазу жұмыстары жүргізілуде. Кешенді толықтай аяқтау мерзімі — 8 ай.

Жоба аясында күрес және бокс залдары, жаттығу залы, әмбебап спорт алаңы, жаттықтырушылар бөлмесі, киім ауыстыратын орындар мен санитариялық тораптар қарастырылған.

Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Дарын Ілиясовтың айтуынша, жаңа нысан ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға оң ықпал етпек.

15 шілде, 18:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.