ВВС-дің мәліметінше, ластанған судың ағуын тоқтату үшін зақымданған реактордың астындағы топырақты қатырып тастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар жаңадан тазарту жүйесін салу қарастырылуда.
Айта кетейік, «Фукусима» атом электр стансасындағы реактор 2011 жылы болған жер сілкінісі мен цунами салдарынан зақымданған еді. Жексенбі күні аталған стансадағы радиацияның деңгейі бұрынғыға қарағанда 18 есе жоғары болғаны анықталды.
Оператор-компанияның хабарлауынша, станса контейнерлерінің бірінен 300 тонна радиоактивті су топыраққа сіңіп кеткен.
Дереккөз: inform.kz