
Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, Қазақстандағы ірі мұнай жобалары өнім бөлісу туралы келісімдер арқылы жүзеге асып жатыр. Соңғы кезде бұл келісімдер ел мүддесіне толық сай емес деген пікірлер айтылып жүр. Осыған байланысты үкімет серіктес компаниялармен жаңа келісімдер жасау үшін келіссөздер бастаған.
— Шынында, кейбір азаматтар елдің мүддесі сақталмай жатыр деп есептейді. Сол себепті біз әріптестерімізбен жаңа келісімдер бойынша сөйлесуді бастадық. Бұл келіссөздерде ұлттық мүддені қорғаймыз, — деді Бектенов.
Сонымен қатар ол қазіргі келісімшарттарды толығымен қайта қарау жоспарда жоқ екенін айтты. Өйткені мұндай мәселе өте күрделі және инвесторларға әсер етуі мүмкін.
— Сондықтан бұл жұмысты асықпай, сабырмен жүргіземіз, — деді премьер-министр.
В Атырау +4