
Бүгін қазақстандық лоукостер FlyArystan жаңа халықаралық бағыт – Атырау – Ташкент – Атырау бағыты бойынша алғашқы рейсті сәтті орындады.
FS7835 рейсі Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайынан ұшып шығып, Өзбекстан астанасындағы Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайға аман-есен қонды. А320 ұшағы авиациялық дәстүр бойынша жаңа бағыттың ашылуын білдіретін рәсім - дәстүрлі су аркасымен салтанатты түрде қарсы алынды. Ұшақ Ташкенттен Атырауға қайтып келгенде де дәл осындай рәсім жоспарланған.
Рейстің ашылу салтанатына әуекомпания мен әуежай басшылығы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Әуежайда жолаушылар үшін фотоаймақ, лента қию рәсімі және сыйлықтар ұйымдастырылды.
«FlyArystan» АҚ президенті Ричард Леджер:
«Бұл рейстің ашылуы FlyArystan компаниясының халықаралық бағыттар желісін кеңейту мен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік қолжетімділігін арттыру жолындағы маңызды қадам болды. Бұған дейін Астана мен Ташкент арасындағы рейс жұмыс істеп келген болса, енді Батыс Қазақстаннан да тікелей әуе қатынасы ашылып отыр. Бұл екі ел арасындағы іскерлік, мәдени және туристік байланысты одан әрі нығайтады».
«АТМА – Атырау әуежайы» және тасымалдар» АҚ коммерциялық директоры Владимир Пахомов:
«Ташкентке тікелей халықаралық рейстің ашылуы – әуежайымыз үшін ғана емес, бүкіл аймақ үшін маңызды оқиға. Бұл жолаушылар ағынының өсуіне, транзиттік тартымдылықтың артуына және Атыраудан ұшу географиясының кеңеюіне оң әсер етеді деп күтеміз».
Атырау – Ташкент – Атырау бағыты осы қалалар арасындағы алғашқы тұрақты тікелей әуе рейсі болды.
Ұшу кестесі:
– Шілде мен тамызда – бейсенбі және жексенбі күндері
– Қыркүйек пен қазанда – дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері.
Ұшу ұзақтығы – шамамен 2 сағат 20 минут.
В Атырау 0