Атырау, 6 желтоқсан 16:46
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда жасөспірімдер қылмысы өсіп жатыр

433 рет қаралды

Атырау облысында 2025 жылдың басынан бері 1820 қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 544-ке аз. Алайда жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны 42-ден 69-ға өсіп, 64 пайызға артқан.

Облыстық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Әсет Сағынтаевтың айтуынша, бұған ата-ананың тарапынан бақылаудың әлсіздігі себеп болып отыр.

Қазір балалар жазғы демалыста. Көбі лагерь мен спорт секцияларына бармайды. Кейбірі тыйым салынған суға шомылу орындарында немесе көпқабатты үйлердің алдында бос жүреді. Осындай жағдайда топ ішінде өзін көрсетуге тырысып, не ересектердің ықпалымен құқық бұзушылыққа барады, - деді ол брифингте.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында облыста биыл 300-ден астам профилактикалық іс-шара өткізілген. Нәтижесінде 134 бала есепке алынып, 86 отбасы «қолайсыз отбасы» тізіміне енгізілді.

Сағынтаев ата-аналарды балаларын түнгі уақытта көшеге шығармауға шақырды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабына сәйкес, сағат 22:00-ден кейін кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында, ал 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз көшеде жүруіне тыйым салынған. Егер полиция қызметкерлері баланы мезгілсіз уақытта көшеден көррген жағдайда ата-анасына 3 АЕК, екінші рет қайталанса 7 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

- Кей ата-аналар «баламды сүтке жібердім» деп ақталады. Бірақ мұндай сылтау қабылданбайды, - деді полиция подполковнигі.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

15 шілде, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.