
«Свидетель.kz» телеграм-арнасы Қазақстандағы облыстар бойынша қылмыстық жағдайдың рейтингін жариялады. Рейтинг ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы — «Адам өлтіру» бойынша тіркелген құқық бұзушылықтар негізінде жасалған.
Атырау облысында 2025 жылдың алғашқы алты айында 17 адам өлтіру дерегі тіркелген. Бұл — өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 70%-ға көп (2024 жылы — 10 оқиға).
Сол арқылы облыс елдегі ең жоғары адам өлтіру көрсеткіші бар үш аймақтың қатарына кірді.
Кісі өлтіру көрсеткіші бойынша көш бастап тұрған өңірлер:
-
Шығыс Қазақстан облысы – 24 оқиға (коэффициент: 0,332)
-
Солтүстік Қазақстан облысы – 13 оқиға (коэффициент: 0,25)
-
Атырау облысы – 17 оқиға (коэффициент: 0,239)
Ең төмен көрсеткіш тіркелген өңірлер:
-
Маңғыстау облысы – 6
-
Қызылорда облысы – 6
-
Шымкент қаласы – 9
-
Ұлытау облысы – 3
Атырау облысы 2024 жылдың соңында қылмыс деңгейі төмен аймақтардың қатарында болса, биыл бірден жоғары үштікке көтерілген. Сарапшылар мұны кісі өлтіру деректерінің күрт өсуімен байланыстырып отыр.
В Атырау 0