Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Молдоваданың экс-премьері адвокаттардың ереуілін қолдады

360 рет қаралды
© Sputnik / Osmatesco

Оппозициялық «Молдованың болашағы» партиясының лидері, бұрынғы премьер-министр Василий Тарлев адвокаттардың ереуілін қолдап, олардың биліктің қысымына қатысты алаңдаушылығын растады, деп хабарлайды РИА Новости,

Молдавия адвокаттар одағы 15 шілдеден бастап адвокатура туралы заңға парламент қабылдаған түзетулерге наразылық ретінде жалпы ереуіл жариялаған еді. Заңдағы өзгерістер адвокаттық тәуелсіздікке қауіп төндіріп, оны "саяси бағынышты құрылымға" айналдырады деп саналады.

Негізгі өзгерістер қатарында этика және тәртіп комиссиясы алдындағы шағымдарды қарау үшін алынатын төлемдерді жою, әділет министрлігінің этика және тәртіп комиссиясы мен лицензиялау комиссиясына мүшелер тағайындау құқығын күшейту, адвокаттар одағы кеңесінің мүшелерінің өкілеттік мерзімін бір мандатпен шектеу, кәсіби қоғамдастықпен келісімсіз түзетулердің қабылдануы бар.

Бұл түзетулер «Әрекет және Бірлік» партиясының парламенттегі көпшілігімен енгізілді. Келесі парламент сайлауы 28 қыркүйекте өтеді.

Тарлевтің сөзінше, президент Майя Санду мен билік партиясы әділет жүйесін реформалаудың орнына оны оппозицияны қысымға алу үшін басып алуда. Олар адвокаттарға қысым көрсетіп, заңдық қорғау жүйесін бұзуға тырысуда.

Сондай-ақ, Молдавия билігі оппозициялық пікір білдірушілерге қарсы репрессияларды күшейтіп, қоғамдық наразылықты шектеуде. Бұған дейін елде бірнеше телеарна мен сайттар жабылған, Telegram арналарын блоктау сияқты ақпараттық цензура бар.

15 шілде, 13:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.