
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде Атырау маңындағы елді мекен көшелерінде жабайы қабан жүргені түсірілген видео анықталды.
Белгілі болғандай, бұл ауыл «Ақжайық» табиғи резерватынан бірнеше шақырым жерде орналасқан. Жануар тұрғын үйлердің маңында жүрген. Болжам бойынша, қабан жаға бойындағы қалың шөп арасынан су немесе азық іздеп шыққан болуы мүмкін.
Резерват қызметкерлерінің мәліметінше, оқиға орнына инспекторлар барған, алайда жануардың өзін де, оның ізін де таба алмаған.
Айта кетейік, жабайы қабандар адам үшін қауіпті болуы мүмкін — олар шабуыл жасауға бейім келеді. Сондықтан мұндай мейманнан барынша аулақ жүрген жөн.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Әлеуметтік желілерден алынған бейнежазба
В Атырау 0