Атырау, 2 желтоқсан 02:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

179 өлген шағала үшін НКОК ақша төледі

2 077 просмотра

Маусым айының аяғында Каспий теңізіндегі Шалыга аралында 1250 өлген құс табылды, көпшілігі - шағалалар («АЖ» 27.06.13 күнгі №26 «Каспийдегі құстардың жаппай қырылуы» мақаласын қараңыз). Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы Мереке ШАЛҚАРОВТЫҢ айтуынша, осы оқиға мен мұнай жұмыстарының арасындағы байланыс анықталған жоқ.

Шалыгаға Астанадан келген республикалық ветеринарлық институттың сарапшылары құстар ажалының себебін анықтай алмады. Содан кейін бұл іске республикалық микробиология институтының қызметкерлері араласты – алдын ала зерттеулер құстардың белгісіз бір вирусты жұқтырғанын көрсетті. Ал оның шығу тегін анықтау ұзақ (3 айға дейін) зертханалық зерттеулерді қажет етеді. Алматыдан әзірге бұл турасында жаңалықтар жоқ.

Сонымен қатар, Ақтоты және Қайран жасанды аралдарына маусым айында жүргізілген тексеру барысына 179 шағаланың өлекселері табылды. Бұлардың ажалына техногендік жағдайлар себеп болғанына күмән жоқ: барлығы да темір торларға, кеспектерге және басқа да темір құрылғыларға кептеліп өлген. Нәтижесінде «NCOC» компаниясына 1 млн. 549 мың 245 теңге экологиялық айыппұл салынды. Жақында бұл айыппұл ерікті түрде төленді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ   

3 қыркүйек 2013, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.