
Филиппиннің солтүстігіндегі Илкос-Норте провинциясында 5,8 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды АА.
Филиппин вулканология және сейсмология институтының мәліметінше, жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен сағат 10:30 шамасында болған.
Эпицентр Пасукин муниципалитетінен солтүстік-батысқа қарай шамамен 29 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 27 шақырым тереңдікте жатқан.
Құрбандар мен зардаптар туралы ақпарат түскен жоқ. Дүмпулер Кагаян, Илоко-Сур, Исабела және Абра сияқты көршілес провинцияларда да сезілген.
Цунами қаупі туралы ескерту жарияланған жоқ.
Айта кетейік, Филиппин аралдары Тынық мұхитының «отты белдеуі» деп аталатын, сейсмикалық белсенділігі жоғары аймақта орналасқан. Мұнда мұндай табиғи құбылыстар жиі кездеседі.
В Атырау +4