Атырау, 5 желтоқсан 08:42
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

КҚК 12 сағатқа тоқтады: крандадың жұмысы тексерілді

363 рет қаралды

2025 жылдың 9 шілдесінде Теңіз – Новороссийск мұнай құбырының жоспарлы 12 сағаттық тоқтауы кезінде магистральдық шарлы крандарға, энергетикалық, механикалық жабдыққа, бақылау-өлшеу құралдары мен автоматикаға, байланыс жабдығына және т.б. техникалық қызмет көрсету жүргізілді.

Мұндай жоспарлы тоқтатулар жүйелі түрде өткізіледі. Бұл кезеңде сорғы станциялары мен мұнай құбырының тоқтатылған жабдықтарында ғана орындауға болатын жұмыстар жүзеге асырылады.

Атырау облысында екі шарлы кран ауыстырылып, тағы екеуіне жөндеу жүргізілді, бесеуінің беріктігі тексерілді.

Астрахань облысында және Қалмық Республикасында тазарту және диагностика құралдарын іске қосу-қабылдау торабындағы жетегі, сондай-ақ екі дренаждық шарлы кран жетегі ауыстырылды. Үш магистральдық шарлы кранның саңылауы бар-жоғы тексерілді.

Ставрополь және Краснодар өлкелеріндегі желі бөлігінде үш жөндеу құрылғысы орнатылды. Бекіту арматурасының үш ескірген электр жетегі ауыстырылып, магистральдық шарлы крандардың беріктігі тексерілді.

Айта кетейік, КТК магистральдық мұнай құбырының жоспарлы тоқтау мерзімін барлық жүк жөнелтушілерге алдын ала хабарлайды. Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі де Теңіз – Новороссийск мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау кестесін бір жылға қалыптастыру кезінде ескереді. Осылайша, КТК мұнай құбыры арқылы мұнай өндіру және тасымалдау процесінің барлық қатысушыларының жұмысын жоспарлауы қамтамасыз етіледі.

15 шілде, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.