Атырау, 5 желтоқсан 08:23
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Молдова Херсондағы әскери шығынды жоққа шығарды

410 рет қаралды
© Sputnik / Михай Карауш

Молдова Қорғаныс министрлігі Херсон облысында молдовалық әскери қызметкерлердің қаза тапқаны туралы Telegram-арналарда тараған ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін Moldovsky арнасы маусым айының соңында Украина аумағында Ресейдің шабуылы салдарынан төрт молдовалық әскери қызметкер қаза тауып, екеуі жарақат алды деген дерек таратқан еді. Бұл мәлімдеме президент Майя Санду мен Владимир Зеленский арасындағы келісім аясында жасалған делегацияға байланысты екені айтылды.

Молдова Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты «жалған» деп атап, Ұлттық армияның шетелде әскери әрекеттерге қатысып жатқанын үзілді-кесілді жоққа шығарды. Министрліктің ресми мәлімдемесінде: «Ұлттық армияның бірде-бір әскери қызметкері Молдова аумағынан тыс жерлерде ұрыс әрекеттеріне қатысып жатқан жоқ» делінген.

Бұл пікір Ресейдің Сыртқы барлау қызметінің Молдованы НАТО-мен ықтимал қақтығысқа тарту туралы мәлімдемесінен кейін пайда болды. Қызметтің дерегі бойынша альянс молдовалық аумақты әскери мақсаттарға бейімдеп, азаматтарды соғыста «оққағар» ретінде пайдалану қаупі бар. Сонымен қатар, президент Майя Санду өзінің саяси партиясы жеңіске жетсе, елдің бейтарап мәртебесін жоюға дайын екенін айтқан-мыс.

Молдова конституциялық тұрғыда бейтарап ел болып саналғанымен, 1994 жылдан бері НАТО-мен серіктестік орнатқан. Санду билікке келгеннен кейін ел аумағында АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Румыния әскери қызметкерлерінің қатысуымен әскери жаттығулар жиілеген. 2034 жылға дейінгі ұлттық қорғаныс стратегиясында Приднестровьедегі ресейлік контингент қауіп ретінде сипатталып, НАТО-мен тығыз ынтымақтастық және ЖІӨ-нің 1%-на дейін әскери шығындарды арттыру жоспары көзделген.

Аталған стратегияны сынға алған оппозициялық партиялар елдің бейтарап мәртебесіне қауіп төніп тұрғанын ескертіп, парламент отырысын бойкоттаған. Бұл жағдай Молдова ішінде де, халықаралық деңгейде де қызу пікірталас тудырып отыр.

14 шілде, 18:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.