
13 шілде күні Атырау облысында округ әкімдерінің сайлауы өтті. Бұл 12 ауылда ұйымдастырылған болатын.
Еркінқала ауылдық округі
Дауысқа түскен кандидаттардың саны-4. Сайлаушылар тізіміне 11839 азамат енгізіліп, олардың ішінде дауыс бергендер саны-6556. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны-20, қарсылық танытқан 25 адам.
Кандидаттар:
- А. Досқалиев-711,
- М. Кусебалин-851,
- Д. Рашид 1559 дауыс алды.
- М. Кариев 3587 дауыс жинап, басым түсті.
1979 жылы туған Мәлік Кариев Атырау қаласының тұрғыны, бұған дейін "Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болған.
Қайыршақты, ауылдық округі
Қайыршақты ауылдық округі бойынша екі кандидат қатысты. Жалпы сайлаушылар тізіміне 23464 адам енгізілсе, 11806 адам сайлауға қатысқан. Үйден тыс 45 адам, қарсылық білдіргендер саны-68.
Кандидат Т. Хабибуллин 3953 дауыс жинаған. Ал әкімдікке өзін-өзі ұсынған кандидат 1984 жылғы Атырау қаласының тұрғыны Рафхат Жолдиев 7723 дауыс жинап басым түсіп, округ әкімі болып сайланды.
Ол бұған дейін Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы болған.
Қызылқоға ауданы, Қызылқоға ауылдық округі
Кандидат М. Боранғалиев -71, С. Салықов 89 дауыс жинады. Ал Қызылқоға ауылдық округінің әкімі болып AMANAT партиясының аудандық филиалы ұсынған кандидат Зейнолла ШАЛИКОВ сайланды. Ол 1990 жылы туған бұған дейін де Қызылқоға ауылдық округінің әкімі болған.
Жылыой ауданы, Қара Арна округі
3 кандидат тіркелген. Сайлаушылар тізіміне 1715 адам енгізілсе, оның 1201-і сайлауға қатысқан. Үй-жайдан тыс жерден 13 адам дауыс берген, қарсылық танытқандар сны-5.
Сайлау қорытындысында А. Абилхаирова 209, Е. Шымырбай 275 дауыс алса, ал AMANAT партиясының аудандық филиалынан ұсынған Ербол САҒЫНОВ 701 дауыс жинап, басым түсті.
Ауылдың жаңа әкімі Құлсары қаласының 1983 жылы туған тумасы бұған дейін Жылыой ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы болып еңбек еткен.
Индер ауданы, Жарсуат ауылдық округі
Сайлаушылар тізіміне 1682 адам енгізілсе, оның 1029-ы дауыс беруге қатысқан болатын. Қарсылық білдіргендер сан-29, ал 19 адам үй-жайдан тыс жерде жүріп сайлауға қатысқан.
Нәтижесінде кандидат А. Бағытжанов-172, А. Махметов 120 дауыс жинаған.
Ал көп дауыс жинаған (642 адам) AMANAT партиясы аудандық филиалы ұсынған, 1981 жылы туған, Жарсуат ауылы әкімі аппаратында бас маман болып еңбек еткен Дархан ҚАПАШЕВ ауылдың жаңа әкімі болып сайланды.
Исатай ауданы, Аққыстау ауылдық округі
3318 адам сайлауға қатысса, үй-жайдан тыс жерден 92 адам қатысқан. 12 адам қарсылық білдірген. Сайлау қорытындысында Г. Джумалиева-522, Е. Сыралиев 1021 дауыс жинаған. Аққыстау ауылдық округінің әкімі болып, 1749 дауыс жинаған, 1987 жылы дүниеге келген, өзін-өзі ұсынған Ерболат МАХАШОВ сайланды. Ол бұған дейін аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы болған.
Махамбет ауданы, Ақжайық ауылдық округі
Сайлаушылар тізіміне 620 адам енгізілсе, оның 356-ы сайлауға қатысқан, қарсылық білдіргендер саны-9. Қорытындысында А. Қабдолова-87, Ж. Төлеуғалиев 76 дауыс жинаса, ал 177 дауыс алған Актурлан ЕРМАНОВ округ әкімі болып сайланды. 1964 жылы дүниеге келген ол AMANAT партиясының аудандық филиалынан ұсынылған. Бұған дейін Ақжайық ауылдық округінің әкімі болған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау -1 


