
Нигерияда 160 миллионнан астам адам азық-түлік тапшылығы жағдайында өмір сүріп жатыр. Бұл туралы елдің Ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі министрлігінің Азық-түлік қауіпсіздігі және тамақтану департаментінің директоры Альхаджи Нуху Килиши Абуджада өткен азық-түлік және қоректік дағдарысқа қарсы әрекет ету жоспарына (FNSCPP) арналған жиында мәлімдеді, деп хабарлайды АА.
Оның айтуынша, үкімет бұл күрделі мәселемен күресу үшін нақты шаралар қабылдай бастаған. Атап айтқанда, Дүниежүзілік банктің тамақтану нәтижелерін жеделдету жобасы (ANRiN) аясында осал топтардың сапалы әрі тұрақты азыққа қол жеткізуін кеңейтуге бағытталған жоспар әзірленген.
Килиши 2014 жылы орта және ауыр деңгейдегі азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі 35 пайыз болса, соңғы жылдары бұл көрсеткіш 74 пайызға дейін өскенін атап өтті. Қазір Нигерия халқының тек 20 пайызы ғана азық-түлікке тұрақты қол жеткізіп отыр.
Ол халықтың келесі тамағын табуға сенімсіз екенін, жағдайды елдегі тұрақсыздық, қарулы шабуылдар, адамдарды ұрлау және экономикалық қиындықтардың ушықтырып отырғанын айтты. Мұның бәрі ауыл шаруашылығы өндірісіне теріс әсер етіп отыр.
Дағдарысқа қарсы шара ретінде Килиши елдің барлық 774 муниципалитетінде үй бақшалары үшін тұқым және басқа да ауылшаруашылық ресурстарын тарату басталғанын жеткізді.
В Атырау +4