
Атырау облысында Қашаған кен орнындағы газды өңдейтін зауыттың құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
Қуаты 1млрд м3 құрайтын жоба құрылысының барысын апта сайын QazaqGaz басшылығы үнемі бақылап отыр.
Компанияның мәліметіне сай, бүгінде құрылыс алаңына 2000 жуық жұмысшы мен 400 жуық дана техника жұмылдырылған. Жұмыс қарқынын жеделдету мақсатында түнгі ауысымға 130 жуық жұмысшы тартылған.
Өнеркәсіптік және өндірістік қауіпсіздігіне аса көңіл бөлінеді. Сондай-ақ, түнгі ауысымда да қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты назарда.
Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша прогресс:
Бүгінде іргетас құю, металл конструкцияларын, технологиялық құрал-жабдықтарды, қызмет көрсету алаңдарын монтаждау, РВС-5000 және РВС-1000 резервуарларын, 600м3 резервуарларды жинау жұмыстары жүруде.
- Көлемі 8000м3 резервуардың гидравликалық сынақтары аяқталды;
- Салқындату мұнарасының қоймаларына суды беру жұмыстары басталды;
- НВК-1 және НВК-2 (сыртқы су құбырлары және кәріз жүйелерінің сыртқы жүйесі) салу жұмыстары жүріп жатыр;
- 140 орынға арналған GPCI-дың вахталық қалашықтың ішкі жағын бөлу жұмыстары жүруде.
Басты жұмыстар бойынша прогресс:
- Газды кешенді дайындау қондырғысының іргетастарын құю бойынша бетон жұмыстары: 48 587 м³ (прогресс 65,3%)
- Металл конструкцияларының монтажы: 3 328 тонна (16,6%)
- Механикалық құрал-жабдықтың монтажы: 3 778 тонна (39,1%)
- Резервуарларды монтаждау: 766 тонна (28,3%)
- Жерасты құбырларының монтажы: 16 294 м (40,2%)
QazaqGaz басшылығы құрылыстың барлық кезеңдерінде белгіленген мерзімдер мен сапа стандарттарының сақталуын қамтамасыз ете отырып, жобаны іске асырудың жүйелі мониторингін жалғастырады.тынын атап өтті.
В Атырау +4