Атырау, 5 желтоқсан 08:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Заң бұзған экс-елші «ҚазМұнайГаздың» Еуропа бөлімшесіне тағайындалды

441 рет қаралды


Алтай Әбибуллаев Rompetrol (KMG International) компаниясында мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі директор болып тағайындалды. Бұл компания «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Еуропадағы еншілес ұйымы болып табылады.

Жаңа қызметінде Әбибуллаев халықаралық деңгейде, оның ішінде Румынияда орналасқан негізгі активтер — Petromidia және Vega мұнай өңдеу зауыттары мен жанармай құю станциялары желісімен жұмыс істейтін мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестікті басқарады.

Әбибуллаев дипломатия және мемлекеттік қызмет саласында үлкен тәжірибеге ие. Ол Қазақстан СІМ-інің Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы, Президент әкімшілігіндегі Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі, Байланыс және ақпарат агенттігінің басшы орынбасары, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев атындағы конфессияаралық диалог орталығының басшысы болған. 2016–2017 жылдары Польша, Босния және Герцеговина, Черногория елдеріндегі Қазақстанның елшісі қызметін атқарды.

2017 жылы Қазақстан Президентінің Жарлығымен Польшадағы Төтенше және өкілетті елші лауазымынан босатылған. Сол жылы оған қатысты Президент жанындағы жемқорлыққа қарсы комиссия мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін тәртіптік жаза — қызметтік сәйкессіздік туралы ескерту қолдануды ұсынған.

Rompetrol (KMG International) — «ҚазМұнайГаздың» маңызды халықаралық активі, мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін сату саласында Еуропада жұмыс істейді және Қазақстанның халықаралық энергетикалық қатысуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

14 шілде, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.