Атырау, 9 мамыр 20:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18

Атырауда автобус пен такси жүргізушілеріне қатаң бақылау басталды

569 рет қаралды

Атырау облысында 14-16 шілде аралығында «Автобус және такси» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. 

Шара мақсаты — жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалына бақылауды күшейту және жеке тұлғалардың заңсыз жолаушылар мен жүктерді тасымалдау фактілерін анықтау.

Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуларына, оның ішінде жолаушылар мен габариті дұрыс емес жүктерді тасымалдауға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, көліктің тиісті санатына жатпайтын жүктерді тасымалдау да тексеріледі.

Полиция қызметкерлері автобус пен маршруттық такси жүргізушілерін жол ережесін сақтап, жолаушыларға сыпайы қарауға шақырады.

14 шілде 2025, 13:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.