
Индонезияның Малуку провинциясы жағалауында магнитудасы 6,7 күшіндегі жер сілкінісі тіркелді.
АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жердің сілкіну эпицентрі Туал қаласынан 180 шақырым оңтүстік-батыста орналасқан. Орталық ошақ жер бетінен шамамен 65,7 шақырым тереңдікте болған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен материалдық шығындар туралы хабар түспеген. Жер сілкінісінен кейін цунами туралы ескерту жарияланбады.
В Атырау +4