
13 шілде күні М. Әуезов даңғылы, 24 мекен-жайындағы Palma аквапаркінде хлор буынан улану оқиғасы тіркелді.
Бассейнде шомылған 14 бала зардап шекті. Олардың үшеуі облыстық және балалар ауруханаларына жатқызылды. Балалардың жағдайы тұрақты деп бағалануда. Қалғандары дәрігерлер бақылауында.
Мамандар эпидемияға қарсы шаралар жүргізіп, су мен ауа сапасынан сынама алды. Қазіргі уақытта хлор деңгейінің шектен асқаны анықталмаған, зертханалық тексерулер әлі жалғасуда. Полиция алдын ала тергеуді бастап, қылмыстық іс қозғады.
Облыс әкімінің тапсырмасымен өңірдегі барлық бассейндер мен аквапарктер тексерілетін болады.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау -1