
Оқиға 12 шілде күні болған.
Куәгерлердің айтуынша, сағат 23:00 шамасында балаға техника құлаған. Бұл ақпаратты кейінірек полиция растады.
Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 13 шілде күні сағат 01:17-де Исатай мен Махамбет алаңында 2016 жылы туған ұл балаға рөлінде 1985 жылғы ер адам болған электромотоцикл құлаған.
Зардап шеккен бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Жағдайы тұрақты.
Жүргізуші медициналық тексеруден өтті. Нәтижесінде оның мас күйде болғаны анықталып, оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы ("Қоғамдық орында мас күйінде жүру") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау +4