
АҚШ президенті Дональд Трамп 13 шілдеде Украинаға әуе шабуылына тойтарыс беретін Patriot зымыран кешендерін беретінін мәлімдеді. Ол қанша кешен берілетінін ашық айтпаса да, бұл жүйелер Еуропалық Одақ арқылы жөнелтілетінін жеткізді, деп жазады arasha.kz.
Трамптың сөзінше, АҚШ бұл кешендерді алдымен Еуроодақ елдеріне сатады, ал олар өз кезегінде Украинаға береді.
"Бұл біз үшін тиімді сауда. Украинаға Patriot керек, біз оларды жеткіземіз", – деді Трамп.
Осыған дейін де Трамп НАТО елдеріне қару сатылатынын, ал олар Украинаға беретінін айтқан болатын. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың айтуынша, Еуропадағы одақтастарда Украинаға қажет АҚШ-тың қаруы бар және оны тез арада жеткізуге болады.
В Атырау +4