Атырау, 6 желтоқсан 18:47
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда бір үйге найзағай түсті

434 рет қаралды

13 шілдеде күн күркіреп, жауын-шашын болғанда Химпоселоктағы екі қатарлы үйдің шатырына найзағай түсті. 

Нәтижесінде үйдің төбесінен өрт шықты. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өртті тез арада ауыздықтады. Алдын ала белгілі болған мәлімет бойынша өрт найзағай түскеннен шыққан. 

Зардап шеккендер жоқ. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

14 шілде, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.