Атырау, 6 желтоқсан 18:52
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда бірнеше ауданда жарық сөніп, бағдаршамдар істен шықты

890 рет қаралды
Атырауда істемей тұрған бағдаршам, мұрағат суреті

Бүгін Атырау тұрғындары электр жарығының іркілістеріне байланысты шағымдануда – кейбір аудандар жарықсыз қалып, бағдаршамдар жұмыс істемей тұр.

Полиция департаментінің мәліметінше, электр жүйесіне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты бағдаршам нысандары уақытша өшірілген. Қала көшелерінде көлік қозғалысы қолмен реттелуде.

Өз кезегінде «Атырау Жарық» АҚ ресми хабарлама жариялап, тұрғындардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Компания мәліметінше, 2025 жылғы 11 шілдеде сағат 14:46-дан 17:23-ке дейін Маңғыстау облысынан келетін «KEGOC» АҚ-ның 220 кВ әуе желісі арқылы шамадан тыс қуат ағыны тіркеліп, арнайы жүктемені ажырату автоматикасы (САОН) іске қосылған. Соның салдарынан 35/110 кВ әуе желілерінде бірқатар ажыратулар орын алған. Атап айтқанда:

  • Атырау қаласының Элеватор өнеркәсіп аймағы мен СМП-136 нысандарын қоректендіретін 35 кВ Л-1Ц әуе желісі;
  • Водниково елді мекені, Балықшы, Жилгородок, Химпоселок ықшамаудандары мен Сырым Датұлы, Қабдолов, Азаттық көшелерін жарықпен қамтамасыз ететін 35 кВ Л-5Ц желісі ажыратылған.

Айта кетерлігі, дәл бүгін — 11 шілдеде — электр энергиясын тасымалдау бойынша ұлттық оператор «KEGOC» АҚ-ның құрылғанына 28 жыл толып отыр.

Айнұр САПАРОВА

11 шілде, 19:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.