Атырау, 6 желтоқсан 18:47
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырауда 2025 жылдың соңына дейін төрт базар жаңғыртылады

821 рет қаралды

Атырау қаласында сауда инфрақұрылымын заманауи талаптарға сәйкес жаңғырту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Бұл жоба облыс әкімдігінің тапсырмасымен қолға алынған және кәсіпкерлер мен тұтынушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз сауда ортасын құруға бағытталған маңызды әлеуметтік-экономикалық бастама болып табылады, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі таңда «Авангард», «Дина», «Аламан», «Көктем» базарларында құрылыс және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл базарлар Сауда және интеграция министрлігінің Жол картасына енгізілген және жаңғырту жұмыстары 2025 жылдың желтоқсанына дейін толық аяқталуы жоспарланған.

Облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрдәулет Жұмаситовтың айтуынша, базарларды жаңғырту тек инфрақұрылымды жаңартумен шектелмей, сонымен қатар тұтынушы мен кәсіпкер үшін қолайлы және қауіпсіз орта қалыптастыруды қамтамасыз ететін кешенді шара болып табылады. Ол атап өткендей, сауда орындарын біріздендіру, техникалық және санитариялық талаптарды сақтау – бүгінгі заманның маңызды талабы.

«Авангард» базарында қосқабатты ғимараттың екінші қабаты қайта жаңғыртылып, жаңа сауда нысанын салу жұмыстары жоспарланып отыр. «Көктем» базарында ескі контейнерлер орнына жаңа ғимарат бой көтерді. Қазір автокөлік құралдары мен темір-терсек сататын павильондар салынып, ғимаратқа климаттық жүйе орнатылуда, бұл келушілер мен сатушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Жалпы, бұл жұмыстар сауда нүктелерінің санитариялық, техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етіп, сауда инфрақұрылымын жақсартып, кәсіпкерлік ортаны дамытуға ықпал етеді.

Осылайша, сауда базарларын кезең-кезеңімен жаңғырту – Атырау қаласының экономикалық және әлеуметтік дамуына оң әсерін тигізетін стратегиялық маңызды жоба болып табылады.

11 шілде, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.