Атырау, 23 қараша 17:15
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ливия барлау қызметінің бұрынғы басшысының қызы ұрланды

1 394 просмотра

Ливияның барлау қызметінің бұрынғы басшысы Абдулла Сенуссидің қызы ұрланды.

10 айлық мерзімін өтеп шыққан Анудқа абақтыдан шыға салысымен шабуыл жасалған. Полиция бақылауымен әуежайға бет алған көліктерге бәзбіреулер оқ жаудырып, онда отырған қызды алып қашқан. Айта кетейік, Ануд Абдулла Сенусси 2012 жылы әкесін көру үшін Ливияға жалған төлқұжатпен кіріп, қамауға алынған. Оның әкесі Абдулла Сенусси елде Муамар Каддафи билік еткен кезде жасаған қылмыстары үшін түрмеде отыр. 

Салах Маргани, Ливияның әділет министрі:

- Бүгін таңертең қарулы топ полиция күзетіне шабуыл жасап, Ануд Сенуссиді ұрлап кетті. Тәртіп сақшылары қазір оны іздестіру үстінде.

Дереккөз: 24.kz

3 қыркүйек 2013, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.