Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Гватемалада 150-ден астам жерасты дүмпуі​ тіркелді

547 рет қаралды
Видеодан скриншот

Үкімет қызғылт сары ескерту деңгейін жариялады, деп хабарлайды Euronews.

Гватемалада сейсенбі күні басталған жер сілкіністер сериясы салдарынан кем дегенде алты адам қаза тапты. Осы уақыт аралығында елде магнитудасы 3.0-ден 5.6-ға дейінгі 150-ден астам жер асты дүмпу мен қосымша толқындар тіркелді. Бұл оқиғалар салдарынан көшкіндер болды, үйлер мен жолдар зақымданды, көп адам эвакуацияланды.

Гватемала президенті Бернардо Аревало жер сілкіністерінің эпицентрі Сакатепеке департаментінде болғанын хабарлады. Табиғи апаттардың салдарын азайту бойынша ұлттық үйлестіруші қызғылт сары ескерту деңгейін енгізгенін айтты — бұл төтенше жағдайлар шкаласында екінші ең жоғары деңгей.

11 шілде, 13:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.