
Атырауда 11 шілде сағат 11:00 шамасында мопед пен екі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1978 жылы туған Toyota Camry жүргізушісі жолда келе жатып, бір бағытта жүріп келе жатқан мопед үшін апаттық жағдай туғызған.
Соқтығысып қалмас үшін 26 жастағы мопед жүргізушісі солға бұрылып, қарама-қарсы бағытта келе жатқан BMW-мен соқтығысқан. Ол көліктің тізгінінде 1974 жылы туған ер адам болған.
Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келіп, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Полиция жол апатының себебін анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр.
Айнұр САПАРОВА
Суретті түсірген автор
В Атырау +4