
Астана қаласында өткен «Дала үні – Домбыра» республикалық өнер байқауында Атырау облысы Қызылқоға ауданының бас имамы Мұрат Алдоңғарұлы жыр-терме номинациясы бойынша Бас жүлдені иеленді. Бұл туралы AMIN.KZ хабарлайды.
Бұл байқау — дәстүрлі өнер мен рухани құндылықтарды ұштастырып, елдің әр өңірінен келген өнерпаздарды бір алаңға тоғыстырды. Байқауда Мұрат Сұлтанов Аралбай ақынның термесін ерекше нақышпен орындап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Ұлттық өнердің жаңғыруына жол ашқан бұл жоба дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Байқаудың келесі кезеңі Бас жүлде иесінің өңірінде өтпек.
В Атырау +1