Атырау, 6 желтоқсан 21:13
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

«Аптап ыстық аз болғандай, енді жарықсыз қалдық»

671 рет қаралды
Сурет ChatGPT арқылы жасалған

Атырауда шілденің шіліңгірі көпшілік үшін адам төзгісіз жағдайға айналды — 40 градусқа жуық аптап ыстықта тұрғындар жарықсыз қалып отыр.

Олардың айтуынша, электр қуаты еш ескертусіз сөніп, бұл жағдай қалыпты құбылысқа айналған.

— Неліктен "Атырау Жарық" жарықты дәл осындай аптап ыстықта сөндіреді? Диспетчер тіпті: «Қалаған уақытта сөндіреміз» деп,  дөрекі сөйлейді. Әр он күн сайын күні бойы жарықсыз отырамыз. Ешкімге керексіз боп қалғандаймыз, — деп шағымданды жаңа ықшамаудандардың бірінің тұрғыны.

Оның айтуынша, электр жарығының жиі өшуі тіпті жаңа үйлер мен жаңадан кабель тартылған аудандарда да кездеседі.

«Атырау Жарық» компаниясының айтуынша, жарық тек бекітілген кесте бойынша және алдын ала ескертіліп өшіріледі:

— Біздің Telegram каналы және WhatsApp бар. Сонымен қатар 109 қызметі арқылы хабарландыру жіберіп, әкімдік сайтында ақпарат жариялаймыз. Ескертусіз ешқашан жарықты өшірмейміз, — деп мәлімдеді мекеме өкілдері.

Ал қалада аптап ыстық жалғасуда. Ал жарықтың өшуі жағдайды қиындатып отыр — үйлерде кондиционерлер жұмыс істемей қалады, азық-түлік бұзылады, ал тұрғындар денсаулықтарының нашарлағанына шағымдануда.

Карина МУСАБАЕВА

10 шілде, 19:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.