Ол: «Әскери-саяси одақ қажет. Таяу Шығыстағы берекесіздікті тыю үшін «ислами НАТО» құру керек», - деп мәлімдеме жасады.
Сондай-ақ, ол мұсылман елдерінің бірыңғай валютасын қолданысқа енгізудің қажеттілігіне тоқталды. Десе де, оның бұл ұсынысы жаңалық емес. 2000 жылдардың бас кезінде бұл ой Малайзия премьер-министрі Мұхаммед Махатхирдің аузымен айтылған еді. Ол мұсылман елдеріне ортақ «динардың» алаяқтық жолмен белгіленетін валюта нарығындағы бағам көрсеткішіне емес, алтын стандартына негізделуі керектігін алға тартқан болатын. Айтқандайын, кейбір хабарға қарағанда, бірнеше жылдан кейін Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастық кеңесі ортақ валютаны қолданысқа енгізуі әбден мүмкін.
Айта кетейік, «Сағадат» партиясының іргетасын Түркияның бұрынғы премьер-министрі Нежеметдин Ербақан қалаған болатын.
Дереккөз: inform.kz