
Атырау облысы бойынша көктемгі дала жұмыстары белгіленген мерзімде және агротехникалық талаптарға толық сәйкес аяқталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасыныңмәліметі бойынша, жалпы егіс көлемі 8 753,5 гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3 492,8 гектарға немесе 66% артқан. Егіс көлемінің артуы – саладағы жүйелі қолдаулар мен шаруалар еңбегінің нәтижесі.
- Ауыл шаруашылығының барлық бағытында көрсеткіштер өсіп келеді. Бүгінде маусымдық жұмыстарға қажетті жұмыс күші де қамтылуда. Биыл облысқа шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 670 квота бөлініп, 501 азаматқа рұқсат берілді. Қалған 169 квота бойынша жұмыс жалғасуда, – деді облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Азат Қапанов.
1 шілдедегі жағдай бойынша 8 753,5 гектардың 435 гектары орылып, 6 940 тонна өнім жиналды. Оның ішінде:
- 65 гектар көкөністен 2 100 тонна,
- 70 гектар бақша дақылдарынан 3160 тонна,
- 300 гектар мал азықтық дақылдарынан 1 680 тонна өнім алынды.
В Атырау -1