Атырау, 5 желтоқсан 08:41
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Маңғыстауда бұрғылау мұнарасы құлады

Бейнежазба
907 рет қаралды
Lada.kz видеосынан скриншот

Маңғыстау облысындағы Теңге кен орнында бұрғылау мұнарасының құлады, деп хабарлайды Lada.kz.

Оқиға 9 шілде күні сағат 12:47 шамасында тіркелген, бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Ресми деректерге сәйкес, «Petro НефтеГазСервис» ЖШС мердігер компаниясы №553 ұңғымасында бұрғылау мұнарасын жерге көлденең жатқызу кезінде құрылымда деформация пайда болды. Мұнараның екінші және үшінші (жоғарғы) секцияларының арасы бүгіліп, оның құлауына әкелді.

Бағына қарай, бұл оқиғада ешкім зардап шеккен жоқ.

ҚР «Азаматтық қорғау туралы» заңына сәйкес, қауіпті өндірістік нысанды пайдаланып отырған ұйым комиссиясы оқиғаның себебін анықтау үшін ішкі тергеу жүргізеді.


10 шілде, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.