
Атырау облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қозғалыс қауіпсіздігін күшейту мақсатында кешенді профилактикалық іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Доссор – Құлсары – Бейнеу бағытындағы республикалық жолда тексеру жұмыстарын жүргізіп, 3700-ге жуық құқықбұзушылықты анықтаған.
Нәтижесінде:
-
6 жүргізуші мас күйінде рөлге отырған;
-
46 азамат жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған;
-
6 адам жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан көлік тізгіндеген;
-
87 жүргізуші қарсы бағытқа шығып, сотқа тартылған;
-
32 заң бұзушылық шетелдік нөмірлі көліктерге қатысты тіркелген;
-
400-ге жуық жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін жауапқа тартылған.
Бұдан бөлек, түсті және қара металды заңсыз тасымалдаған 18 автокөлік, сондай-ақ мал мен ет өнімдерін рұқсатсыз алып жүрген 15 көлік тоқтатылып, тексеру үшін полиция бөлімдеріне жеткізілген.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды жылдамдықты асырмауға және ережелерді қатаң сақтауға шақырады. Бұл — жүргізушілер мен жолаушылардың өмірін қорғаудың негізгі кепілі.
В Атырау -1